"Тұранның" бүкіл жаттықтырушылар құрамы отставкаға кету туралы өтініш жазды. "Жеңіс" командасымен өтетін матчқа бірде-бір легионер шықпайды.
Сонымен қатар, "Тұранның" сапынан бірнеше жас әрі болашағы зор қазақстандық ойыншылар кетеді.
Қазақстан Премьер-Лигасының 12-турындағы "Тұран" мен елордалық "Жеңіс" арасындағы матч бүгін, 14 маусым сағат 20:00-де Түркістанда өтуі тиіс.
Айта кетейік, қазіргі таңда "Тұран" футбол клубы 11 ұпаймен турнирлік кестеде 9 орында келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу