Лос-Анджелесте өткен шешуші кездесуде Түркия ұлттық құрамасы АҚШ-ты 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін гол соқпаған Түркия да, екі жеңісі бар АҚШ та ойынды қарқынды бастады. Арда Гүлер 10-минутта, Оркун Көкчу 31-минутта мергендігімен танылып, Түркияны алға шығарды.
Американдықтар сапынан Остон Трасти (3) мен Себастьян Берхалтердің (49) голдары сенімділік берді.
Десе де, ойынның соңғы минуттарында Каан Айхан (90+8) үшінші голды соғып, Түркияға жарқын жеңісті сыйлады.
Алайда бұл нәтиже команданы плей-оффқа өткізуге жеткіліксіз еді. Бұған дейін топтық ойында Аустралиядан (0:2) және Парагвайдан (0:1) жеңілген Түркия үшінші тур алдында-ақ "іс жүзінде" келесі кезеңнен шеттетілген болатын. Соған қарамастан, команда турнирді жанкешті жеңіспен аяқтап отыр.
АҚШ алғашқы екі кездесуінде Парагвайды (4:1) және Аустралияны (2:0) ұтып, тобында үздік нәтижені көрсетті. Соңғы ойындағы жеңіліс американдықтардың D тобындағы бірінші орнына нұқсан келтіре алмады. Олар 6 ұпаймен 1/16 финалға жолдама алды. Бұл кезеңде АҚШ Босния және Герцеговинамен кездеседі.
Параллель матчта Аустралия мен Парагвай тең түсіп (0:0), екеуі де 4 ұпай жинады. Голдар айырмашылығы бойынша артықшылыққа ие аустралиялықтар екінші орынмен 1/16 финалға шықты. Парагвай үздік үшінші орын иелері арасында келесі кезеңге өту жолын сақтап қалды.