​Түркия халқы сын сағатта көңіл айтпаған әйгілі Starbucks компаниясына ашулы

4811

Inbusiness.kz сайтының Анкарадағы тілшісі мән жайды білуге тырысты.

​Түркия халқы сын сағатта көңіл айтпаған әйгілі Starbucks компаниясына ашулы

Түркиядағы зілзала кезінде әйгілі Starbucks компаниясы үнсіз қалды. Ал басқа танымал маркалар дереу көңіл айту хатын жолдап, зілзаладан жапа шеккендерге көмек көрсету мақсатында жұмыла жұмыс істеді.

Сонымен қатар әлеуметтік желі арқылы "Қайғыңа ортпақпын, Түркия", "Біз біргеміз" деген жазба қалдырып, апаттан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.

Ал осы аралықта Түркияда жүздеген бөлімі бар әйгілі кофе желісі Starbucks компаниясына халық әлеуметтік желі арқылы реакцияларын білдірді.

Зілзаладан кейін үш күн өткен соң Starbucks әлеуметтік парақшасында жазба жариялады. Алғашқы күннен Түркия халқымен бірге екенін айтып ұзын-сонар жазба қалдырса да халықтың ашуы тарқар емес.

Желі қоланушылары болса: "Өте кеш қалдыңыз. Әлем бойынша бөлімшесі ең көп елдердің бірі - Түркия. Артық Старбакстан кофе ішпей-ақ қояйын. Түркиядағы барлық бөлімі жабылсын деп тілеймін", "Бір аптаға жақындағанда барып көңіл айттыңыздар. Қабылдамаймыз", "Қаншама күн өтті. Енді ояндыңыздар ма?", - деген мыңдаған пікір қалдырылған. 

Айта кетейік, Түркияда Starbucks-тың алғашқы филиалы 2003 жылы Ыстанбұлда ашылған. 2022 жылдың деректеріне сәйкес елде 569 бөлімі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу