Түркия Ресей мұнайына балама тапты

1586

Бұл туралы Reuters жазды.

Түркия Ресей мұнайына балама тапты Фото: Ibrahim Erikan/AA/picture alliance

Түркияның ең ірі мұнай өңдеу зауыттары Ресейге қарсы санкциялар аясында ресейлік емес мұнайды сатып алу көлемін арттырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kommersant агенттігіне сілтеме жасап.

Әзербайжанның SOCAR компаниясына тиесілі STAR мұнай өңдеу зауыты жақында Ирак, Қазақстан және басқа да өндірушілерден желтоқсанда жеткізілетін төрт партия шикі мұнай сатып алды. Reuters жазуынша, бұл тәулігіне 77 мың баррельден 129 мың баррельге дейінгі қара алтын деген сөз. Қыркүйек пен қазан айларында ресейлік Urals маркалы мұнай STAR зауытының шамамен бүкіл тұтыну үлесін қамтамасыз еткен.

Tupras ірі түрік мұнай өңдеу зауыты сапасы бойынша Urals-ке ұқсас Ирактың мұнайы сияқты ресейлік емес маркаларды сатып алып жатыр. Алдағы уақытта Tupras өз зауыттарының бірінде ресейлік мұнай импортынан толықтай бас тартуы мүмкін. Осылайша компания Еуроодақтың болашақ санкцияларының алдын алғысы келеді. Соған қарамастан компания басқа мұнай өңдеу зауытында Ресей мұнайын өңдеуді жалғастырмақ.

DW жазуынша, Tupras алғаш рет Бразилиядан мұнай сатып алған. Қараша айының басында Анголадан Mostarda маркалы мұнайының екінші партиясы жеткізілетіні айтылған. 

Түркия – Қытай мен Үндістан сияқты Ресей мұнайының ірі сатып алушыларының бірі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу