Мемлекет басшысының келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сарайға келген сәтте Президент кортежін салт атты гвардия бастап жүрді.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары орындалып, зеңбіректен 21 дүркін оқ атылды.
Екі елдің көшбасшылары Құрмет қарауылы алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Содан кейін мемлекеттер басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді.

БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу