Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы Түркиямен бүгінгі ойында жинақы қимыл көрсетті.
Алғашқы турда олар Чехияны 2:1 есебімен тізе бүктірсе, Түркия Грузиядан 3:0 есебімен басым түсті.
Екі құрама үшін плей-офф сатысына берілетін жолдама тағдырын ертерек шешіп қоюға маңызды еді. Ойынның бірінші кеезңінде португалиялық футболшылар екі гол соғып кетті.
Алдымен 21-минутта Бернарду Силва мергендік танытса, түркиялық Самет Акайдын 28-минутта өз қақпасына гол жіберіп алды.
Екінші кезеңде Криштиану Роналдудың берген пасын Бруну Фернандеш голға айналдырды.
Осылайша, Португалия қарсыласынан 3:0 есебімен жеңіп, плей-офф сатысына жолдама алды.