Түркия Сирияның Айн-аль-Араб қаласына 11 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап.
Түркияның Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) және Түркия Қызыл Жарты Ай қоғамының қолдауымен дайындалды. Бес көлікте – 50 тонна ұн, біреуінде көрпелер, бесеуінде балалар жөргектері мен азық-түлік бар.
25 қаңтар күні көмек Сирия үкіметімен және Алеппо қаласындағы Көмек үйлестіру орталығымен бірлескен ынтымақтастық аясында аймаққа жіберілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу