Түркия бұрын-соңды болмаған тәуекелге бел буды

Ел билігі атом станциясы электр энергиясын 2026 жылдың басында өндіреді деп күтуде.  

Түркия бұрын-соңды болмаған тәуекелге бел буды Фото: Росатом

Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактардың сөзінше, "Аккую" АЭС бірінші энергетикалық блогының дайындығы 95%-ға жеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алғашқы реакторды іске қосу пандемия салдарынан туындаған кідіріске және жабдық сатып алудағы әртүрлі қиындыққа қарамастан биыл жоспарланып отыр. 

Құрылыс жұмыстарын аяқтау бастапқыда 2025 жылдың сәуіріне таман жоспарланған-ды, десе де мерзім өзгерді. Министрлік қазіргі уақытта барлық күш-жігер жұмыстың соңғы кезеңіне және электр қуатын өндіруді бастау дайындығына бағытталғанын хабарлады. Жоба Ресей және "Росатом" мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. 

"Аккую" – Түркиядағы алғашқы атом электр станциясы. Жобаға әрқайсысының қуаты 1200 МВт болатын Ресейде жасалған 3+ буынындағы ВВЭР реакторлары бар төрт энергетикалық блок кіреді. Станция әлемдік атом саласында алғаш рет қолданылған "build-own-operate" моделі бойынша салынып жатыр. 

Байрактар атом энергетикасының елдің энергетикалық жүйесі үшін стратегиялық маңыздылығына тоқталды. Оның сөзінше, "Аккую" АЭС-тің 1200 МВт қуаттылықтағы бір реакторы шамамен 5000 МВт орнатылған қуаттылығы бар күн электр станциясына тең, себебі атом генерациясы электр энергиясын күн райы жағдайына қарамастан тұрақты өндіруді қамтамасыз етеді. 

Бұл ретте Түркия жаңартылатын энергия көзін белсенді түрде дамытуды жалғастырмақ. Билік 2035 жылға қарай жел және күн электр станцияларының орнатылған қуатын 120 ГВт-қа дейін арттыруды жоспарлайды, бұл жыл сайын 8-9 ГВт жаңа қуатты іске қосуды қажет етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу