Құнды жәдігер Анкараның Голбашы ауданындағы Ояжа елді мекенінде орналасқан Күлхөйүк археологиялық орнында жүргізілген жұмыстар барысында төбе көрсеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Теңіз ұлулары ұлулар мен шырышты жәндіктерді қамтитын моллюскалар класына жататын жәндіктер саналады.
– Голбашының Ояжа аймағындағы қазба жұмыстары кезінде 66 млн жыл бұрын Тетис теңізінің жағалауында тіршілік еткен теңіз ұлуының қалдығы табылды, – деді министр.
Ғалымдардың пайымынша, қазба қалдық Тетис теңізінің соңғы кезеңдерінің біріне жатады. Бұл – шамамен 250 миллион жыл бұрын қалыптаса бастаған және қазіргі Орталық Анадолының бір бөлігін алып жатқан ежелгі су айдыны.
Зерттеушілер қазбаның Күлхөйүк тұрғындары тарапынан мыңдаған жыл бұрын қоныс болғанын болжайды. Бұл жайт табылған жәдігердің маңызын арттыра түспек.
Күлхөйүк – шамамен 5 мың жыл бұрын пайда болған, хетт және хатти өркениеттерімен байланысты ежелгі қоныс. Сондықтан, қазба қалдығындағы тіршілік иесі қоныс тұрғындарымен бір кезеңде өмір сүрмеген.
Күлхөйүктен осыған дейін де маңызды олжа табылған еді. Археологтар 4 мың жыл бұрынғы хетт дәуіріне жататын ыдыстың ішінен Анкараға тән "Севги гүлінің" ("Махаббат гүлі") ең көне тұқым қалдықтарын анықтаған.
Жаза кетейік, Күлхөйүктегі қазба жұмыстары 2021 жылдан бері жалғасып жатыр. Ұзақ мерзімді археологиялық бағдарлама Түркия президентінің қолдауымен жүзеге асырылса, зерттеуге Анкара университеті мен Мәдениет және туризм министрлігі атынан доцент Дерья Йылмаз Текин жетекшілік жасайды.