Режеп Тайып Ердоған 75 жылдан бері жалғасып келе жатқан қырғын соғысқа нүкте қоймақ

688

Ыстанбұлда атысты тоқтату туралы мәселелер талқыланады.

Режеп Тайып Ердоған 75 жылдан бері жалғасып келе жатқан қырғын соғысқа нүкте қоймақ Фото: RTE

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның нұсқауымен Дохада келіссөздер өтіп, онда Пәкістан мен Ауғанстан арасында сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік туды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы басылымына сілтеме жасап.

Түрік қауіпсіздік агенттіктеріндегі дереккөздердің хабарлауынша, келіссөз Түркия Ұлттық барлау ұйымының (MIT) басшысы Ибрахим Калынның қатысуымен өткен.

Атысты тоқтату туралы пікірталасқа екі елдің жоғары лауазымды тұлғалары, соның ішінде Пәкістан мен Ауғанстанның барлау қызметінің басшылары мен қорғаныс министрлері қатысты.

Кездесудегі негізгі мәселелер атысты тоқтату мерзімін ұзарту, сондай-ақ шекарадағы соңғы қарулы оқиғалардың шешімін табу болды.

Түннің бір уағына дейін жалғасқан келіссөзді мемлекет басшылары жіті бақылап, талқылаулардың барысы туралы жедел ақпарат алып отырды.

Атысты түпкілікті тоқтатуды қамтамасыз ету үшін алдағы күндері қосымша кездесулер өткізу жоспарланған. 14 сағатқа созылған келіссөздің қорытындысы бойынша келісімді егжей-тегжей әзірлейтін техникалық комитеттің бірінші отырысы Ыстанбұлда өтеді деп шешілді.

Бұл кездесуде тараптар терроризмге қарсы күрес, көші-қон ағынын басқару және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты мәселелерді түпкілікті шешу үшін ұзақ мерзімді шараларды әзірлеуге назар аударады.

Бұған дейін Ыстанбұлда 11 қазан күні Түркия, Пәкістан және Катар барлау қызметтері басшыларының үшжақты кездесуі өтті. Онда Ауғанстан билік өкілдерімен байланыс орнатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу