Түркияда жаңа маусымнан бастап шетелдік ойыншыларға қатысты ережелер қалай өзгереді?

762

2024/25 маусымынан бастап Түркия суперлигасында шетелдік ойыншыларға шектеуге қатысты жаңа өзгерістер енгізіледі. Жаңартылған стандарттарға сәйкес, бұл қазақ футболшыларына тікелей әсер етеді. 

Түркияда жаңа маусымнан бастап шетелдік ойыншыларға қатысты ережелер қалай өзгереді? Фото: arbat media

Биылғы 2023/24 маусымы басталар алдында Суперлига клубтары Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркменстан футболшыларын жергілікті ойыншы ретінде қабылдай алатыны белгілі болды. Яғни, осы түркі елдерінің футболшылары Суперлигада шетелдік ойыншылар қатарына жатпайды. Қазір Түркияның әрбір жоғарғы дивизион клубында 14-ке дейін шетелдік ойыншы болуы мүмкін. Дегенмен қазақстандық футболшылар легионер болып саналмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бешикташ" пен "Адана Демирспор" бұл мүмкіндікті пайдалана білді. "Бешикташ" өткен жазда Бахтиёр Зайнутдиновты, "Адана Демирспор" шабуылшы Абат Айымбетовты қыста қатарға қосты.

Жаңа маусымнан бастап күшіне енетін өзгерістер туралы айтар болсақ, маусымға өтінімдегі шетелдік ойыншылардың саны 14-тен 12-ге дейін қысқарады. Бұл 2024/25 маусымынан 2026/27 маусымының соңына дейін болады. Ал 2027/28 маусымынан бастап олардың саны 11 шетелдіктен аспауы тиіс.

Ал түркі елдерінің өкілдеріне келсек, көп нәрсе өзгереді. Олардың басқа легионерлермен салыстырғандағы артықшылығы бір маусым ғана легионер есебінде болмады.  Осы жаздан бастап аталмыш бес елдің түрік клубтарына жаңадан келген барлық ойыншылары, соның ішінде қазақстандық футболшылар шетелдік ретінде қарастырылады. Олардың құқықтары мысалы, Еуропадан немесе Африкадан келген футболшылармен бірдей болады.

Енді қазақ футболшыларының түрік клубтарына ауысу мүмкіндігі азаяды. Суперлиганың деңгейі ҚПЛ-дан жоғары. Ал жергілікті клубтардың назарын аудару үшін ойыншы қазақстандық футболшылар арасында айқын көзге түсіп, бәсекеге дайын болуы керек.

Бірақ, Зайнутдинов пен Айымбетов қазіргі таңда легионер емес және бұл позицияларын сақтай алады. Өйткені, олардың келісім-шарттары жаңа ережелер енгізілгенге дейін жасалған. Бірақ, егер біраз уақыттан кейін "Бешикташ" пен "Адана Демирспор" олармен қайтадан келісімшартқа отырса, мысалы, жалақыларын көбейтуді қаласа, онда бұл келісімшарттар жаңа заңдарға сәйкес келуі керек және олар шетелдік ойыншыларға айналады. Басқа түрік клубына ауысса да солай болады.

Енді қазақстандық футболшылардың Түркияның жоғарғы дивизионындағы клубтарына ауысуы мүмкін бе, жоқ па оны нақты айта алмаймыз. Дегенмен, Түркияға ауысқан жағдайда енді қазақстандық футболшылар да шетелдік болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу