Түркиядағы "Аккую" АЭС-і биыл сынақтық режимде іске қосылады

269

Алғашқы энергоблок жыл аяғына дейін іске қосылады.  

Түркиядағы "Аккую" АЭС-і биыл сынақтық режимде іске қосылады Фото: amp.rbc.ru

Түркиядағы "Аккую" атом электр станциясында сынақ жұмыстары биыл аяқталып, жыл соңына дейін алғашқы электр энергиясын өндіру басталуы мүмкін. Бұл туралы елдің Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік басылымға сілтеме жасап. 

"Қазір "Аккую" АЭС-інде сынақтардың шамамен 15-20%-ы орындалды. Олар толық аяқталғаннан кейін жыл соңына қарай станцияны сынақтық пайдалану кезеңіне, яғни алғашқы электр энергиясын өндіруге көшеміз деп жоспарлап отырмыз. Ресейлік және түркиялық тараптардың барлық жұмысы осы мақсатқа бағытталған", – деді министр TRT Haber телеарнасына берген сұхбатында.

"Аккую" АЭС-і Түркияның оңтүстік жағалауында салынып жатыр. Ресейдің "Росатом" мемлекеттік корпорациясының еншілес компаниясы – "Аккую Нуклеар" акционерлік қоғамы Ресей мен Түркия үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес құрылысты жүзеге асырып жатыр. Жоба аясында ВВЭР-1200 үлгісіндегі III+ буын реакторларымен жабдықталған төрт энергоблок салынады. Әрқайсысының қуаты – 1200 МВт, ал станцияның жалпы қуаты 4800 МВт болады.

22 маусым күні "Росатом" басшысы Алексей Лихачев бірінші энергоблоктың құрылысы толық аяқталғанын хабарлаған болатын. Алпарслан Байрактардың айтуынша, қазір екінші, үшінші және төртінші реакторлардың құрылысы жалғасып жатыр. Ал бірінші энергоблокта екі мыңға жуық сынақ жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу