Қазақстанның Түркиядағы елшілігі үндеу жасады

6381

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қазақстандықтарға демонстрациялар мен митингілерге жеке қатысудан аулақ болуға шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі үндеу жасады Фото: news.sky.com

– Қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға және Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырамыз, – делінген елшілік хабарламасында.

Елшілік әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға шақырды.

– Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға аса назар аударамыз, – делінген хабарламада.

Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондары:

1. Қазақстан Республикасының Анкарадағы Елшілігі: +905352734496

2. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы: +905012621465

3. Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы: +905394400522

4. Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы: +905530998789

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу