Түрік қызы енді әуесқойлар лигасында доп тебетін "Тюргютлюспор" командасына жетекшілік етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа маусым алдында команда құрылымын жаңартқан. Осы өзгеріс аясында Зейнеп Местанмен бас бапкер ретінде жұмыс істеу жөнінде келісім жасалып отыр.
– Клубты қайта құрылымдау және жаңа маусымға қойылған міндеттер аясында Зейнеп Местанмен оны бас бапкер қызметіне тағайындау жөнінде келісімге келдік. Клубтың жаңа құрылымы мен техникалық бағытына жетекшілік ететін Зейнеп Местанға үлкен жетістіктер тілейміз. Бұл жаңа кезең командамызға, клубымызға және барша жанкүйерімізге пайдасын тигізеді деп сенеміз, – делінген клуб мәлімдемесінде.
Зейнеп Местан өзі үшін ең қолайлы жаттықтырушылық үлгі ретінде Хосеп Гвардиоланың жұмыс тәсілін көретінін атап өткен.