Түркиялық компаниялар Құрық портының жанында кеме жасайтын зауыт салады

406

Құрық – Алят қатынасында әзербайжандық паромдар ғана жұмыс істеп жатыр. 

Түркиялық компаниялар Құрық портының жанында кеме жасайтын зауыт салады Фото: Курык Порт Девелопмент

Түркиялық YDA және ASFAT компаниялары Құрық портының жанында арнайы зауыт құрылысын жоспарлап отыр. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, контейнерлік тасымалдауға басымдық беріліп отыр.

"Алдағы 3 жылдың ішінде Ақтау портының контейнер өңдеу қабілетін 140 мыңнан 550 мың контейнерге дейін ұлғайту жоспарланған. Ол үшін қытайлық "Ляньюньган порт" компаниясымен бірге контейнерлік хабтың құрылысы басталды. Оған қоса германиялық Ренус, америкалық Wandernet және франциялық CMA CGM сияқты компаниялармен қосымша 300 мың контейнерлік терминал ұйымдастыру пысықталуда. Сонымен қатар Құрық портында көпфункционалды "Саржа" терминалының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде ерекше тоқталатын мәселе Маңғыстау облысында өндірілу жоспарланған. Жасыл сутегіні тасымалдауға арналған тиісті терминалдың жобаланып жатқанын атап өткен жөн",  деді Көлік министрі Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.

Келесі негізгі мәселелердің бірі – отандық флоттың жетіспеушілігі.

"Бүгінде Құрық – Алят қатынасында тек әзербайжандық паромдар жұмыс істейді.  Қазірдің өзінде бізге ең кемінде 7 бірлік кеме қажет. Оның өндірісін қалыптастыру үшін түркиялық YDA және ASFAT компаниялары Құрық портының жанында арнайы зауыт құрылысын жоспарлап отыр", – деді Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу