Түркияның бітіспес қарсыласы қыркүйекте толық қарусыз қалады

Мұндай маңызды жұмысты Түркияның Ұлттық барлау ұйымы күндіз-түні жүзеге асырмақ.   

Түркияның бітіспес қарсыласы қыркүйекте толық қарусыз қалады  Фото: www.currenttime.tv

ТАСС басылымының жазуынша, күрд содырларының қару өткізу жөніндегі ендігі кезеңдері БАҚ беттерінде еш жарияланбайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, Түркия тыйым салған әрі оның қаншама жылдан бері бітіспес қарсыласы болған Күрдістанның жұмысшы партиясын (КЖП) қарусыздандыру үдерісі қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған. 
Қару Ирактың арнайы белгіленген жерінде өткізілмек. Барлығы 250 адамдай КЖП жетекшілеріне енді Түркия мен Ирактың шекаралас аудандарында және Сирияда жүруіне рұқсат жоқ. 

"Олар үшінші елдерге бара алады, бірақ олардың барлығының бір жерге шоғырлануына мүмкіндік берілмейді" - деп нақтылап кетті түркиялық арнайы қызмет өкілдері. 

Еске салсақ, КЖП-ның 30 адамнан тұратын алғашқы тобы қаруын 11 шілде күні тапсырды. Бұл рәсім Ирак Күрдістанының бөлігі саналатын Сулеймания провинциясында өткен еді. 

Террористік әрекеттері үшін өмір бойына түрмеге жабылып, жазасын Түркияда өтеп жатқан КЖП көшбасшысы Абдулла Оджалан 2025 жылдың ақпанында ұйыммен байланысты барлық құрылымды қаруларын тастап, Түркиямен қарулы қақтығысты тоқтатуға шақырған болатын. 

Бұған дейін Түркияның 41 жылдық қарсыласы ақыры тізе бүккенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу