Түркия Ішкі істер министрлігі Ыстамбұлда жарылыс жасаған адамның ұсталғанын хабарлады

1558

Оның Күрдістан Жұмысшылар партиясына қатысы қатысы бар болуы мүмкін. 

Түркия Ішкі істер министрлігі Ыстамбұлда жарылыс жасаған адамның ұсталғанын хабарлады Фото: РБК

Түркияда Ыстамбұлда алты адам қаза тапқан жарылысқа себепкер болған адамды ұсталды, деп inbusiness.kz  РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды. Оның Анкара террорист деп санайтын Күрдістан Жұмысшылар партиясына қатысы бар деген болжам бар. Жарылысқа қатысы бар деген әйел іздестірілген болатын.

Бұл туралы TRT Haber теларнасында Түркия Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу мәлім етті.

"Бұған дейін 21 адам ұсталған болатын. Бомбаны орналастырған адам қамауға алынды. Жақын арада бізге бұл азапты тарттырғандардың жазасын бұдан да ауыр азаппен қайтарамыз", - деп келтіреді оның сөзін телеарна.

Ол сондай-ақ зардап шеккен 81 адамның 50-і шығарылғанын, бесеуі реанимацияда, екеуінің жағдайы ауыр екенін айтты. Бұған дейін алты адам қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Ыстамбұлдың Бейоғлы ауданында жарылыс 13 қараша күні сағат 16:20 шамасында болды. Оқиға болған Истикляль көшесі жаяу жүргіншілерге арналған және туристердің ең танымал орындарының бірі.  Көше толығымен жабылып, жақын маңдағы Таксим мешіті де жабылды.

Түркия вице-президенті Фуат Октай бомбаны әйел адам қойғанын айтты. Сондай-ақ Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалағанын растады. 

Түркияның Радио және телевидениенің жоғарғы кеңесі жергілікті БАҚ-тың жарылысты көрсетуіне тыйым салғанын жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу