Түркияның тоқыма өнеркәсібінің экспорты 3 айда 2,4 млрд долларға жетті

1367

Түркияның тоқыма өнеркәсібі секторының жетекші импорттаушысы Италия.

Түркияның тоқыма өнеркәсібінің экспорты 3 айда 2,4 млрд долларға жетті Фото: inbusiness.kz

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Түркияның тоқыма өнеркәсібі секторының экспорт көлемі 2 млрд 441 млн долларға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның тоқыма өнеркәсібі секторының экспорты 2022 жылдың наурыз айында 951 млн долларды құрады, ал ағымдағы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға, яғни 903 млн долларға дейін төмендеді.

Наурыз айында Түркияның тоқыма өнеркәсібі секторының жетекші импорттаушы елдері арасында 76 миллион доллармен Италия көш бастап тұр. Одан кейін 62 миллион доллармен Беларусь және 41 миллион доллармен АҚШ жайғасқан.

Ал елдердің топтары бойынша сектордың сатылымын қарастырсақ, Еуропалық одақ жетекші орынға ие болды. Наурыз айында ЕО елдеріне тоқыма өнеркәсібі тауарларының экспорты 348 млн долларды, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына 167 млн долларды және Африка елдеріне 106 млн долларды құрады.

Түркия экспорттаушылар кеңесінің мәліметтері бойынша, осы жылдың наурыз айында отандық экспорт көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,4 пайызға, яғни 23,6 миллиард долларға дейін өсті. Осылайша айлық өлшемдегі ең жоғары экспорттық көрсеткішке жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу