Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет бірінші орта салмақта WBC International белбеуінің иегері атанды. Бұл атақты ол ұлыбританиялық Маклей Макгоуэнмен өткізген жекпе-жектен соң жеңіп алды және кездесу MTK Global және TOP Rank компаниялары ұйымдастырған Йоркширдегі (Англия) бокс кешінің басты оқиғасы болды.
Жекпе-жек он раундқа ұласты және төрешілердің шешімімен бірауыздан Құлахметтің жеңісімен аяқталды. Сонымен бірге, жетінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберді. Ал сегізінші раундта төреші оның ережеге сай емес шабуылдап жатқанын ескертіп, одан ұпай алып тастады. Бұл қазақстандықтың тек екінші жекпе-жегі. Ол биыл жазда алғашқы дебютін Алматыдаа жеңіспен бастаған болатын.
"Мен екінші жекпе-жегімнің Англияда өткеніне қуаныштымын. Бұл бокстың отаны. Мұнда бокс жыл сайын дамып келеді. Жергілікті жанкүйерлерге жақсы жекпе-жек көрсеттім деп ойлаймын. Екінші жекпе-жегімде WBC белбеуін жеңіп алғаныма қуаныштымын. Құдай қаласа, келесі жылы толық белбеу үшін күресемін!" - деді Құлахмет жекпе-жектен кейін.
"Міне жаңа чемпион! Тұрсынбай Құлахмет өзінің екінші кәсіпқой жекпе-жегінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (99-89 - үш рет) Маклей Макгоуэнді жеңіп, WBC Халықаралық титулын жеңіп алды. Қазақтың шоқ жұлдызын жарқын болашақ күтіп тұр!" - деп жазды MTK Global ресми твиттерінде.
Бұл жетістік Тұрсынбайға BoxRec рейтингінде 152-орыннан 102-орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Естеріңізге сала кетсек, Тұрсынбай 2019-жылғы Азия чемпионы және 2019-жылы өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.
Ермұхамед Мәулен