Қайғылы оқиғадан анасы мен 2 баласы тірі қалған. Алайда әйелдің жағдайы ауыр, ал балаларының бірі отадан кейін жансақтау бөліміне түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты CBS News басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 11 қарашада Нью-Йорктің Бруклин ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй көршілес құрылыс алаңында қазылған шұңқырға қарай құлаған. Соның салдарынан жанындағы тағы бір ғимараттың қабырғасы қираған.
Үйінді астынан анасы мен 2 баласы тірі табылған. Әйел ауыр жарақат алған. Балаларының біріне дәрігерлер ота жасап, кейін жансақтау бөліміне жатқызған.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен дәрігерлер жеткен. Үйінді астында қалғандарды іздеуге арнайы үйретілген иттер де тартылған.
Бұған дейінгі мәлімет бойынша, апаттан 8 адам көз жұмып, 18 адам жарақат алған. Қаза тапқандардың арасында 2 бала мен 2 құрылыс жұмысшысы бар екені хабарланған.
Құтқарушылар үйінділерді аршып, адамдарды іздеу жұмыстарын жүргізген. Қауіпсіздік үшін көрші үйлердің тұрғындары уақытша көшірілген.
Қазір ғимараттың неліктен опырылғаны анықталып жатыр. Оған жақын маңдағы құрылыс жұмыстары себеп болуы мүмкін деген болжам бар.