Тұздан орасан зор зиян шегуіміз мүмкін

Қазақстанда азық-түлік өнімдерінде тұздың мөлшері тым көп.  

Тұздан орасан зор зиян шегуіміз мүмкін Фото: yandex.kz

Көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған қауіпсіз деңгейден 4 есе жоғары болып тұр. Салдарынан созылмалы аурулар асқынуда. 

Сенаттағы кезекті Үкімет сағаты денсаулық сақтау саласына арналды. Ведомство басшысы елде жиі кездесетін аурулар мен статистикаға тоқталса,  депутаттар қауіпті өнімдерді тізімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жиында алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген депутат Ақмарал Әлназарова еліміздегі азық-түлік өнімдерінде тұздың мөлшері тым жоғары екенін айтып, дабыл қақты. Көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған қауіпсіз деңгейден 4 есе жоғары.


"Осының салдары артериялық гипертензия мен жүрек-қан тамыры ауруларының, II типті қант диабетінің және онкологиялық аурулардың кейбір түрлерінің өршуіне қатысты негізгі қауіп факторларының бірі болып отыр", - деді Ақмарал Әлназарова.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұзды тағамға қосу деңгейін азайтуға қатысты белгілеген нұсқауына сәйкес, 2025 жылға қарай тұзды пайдалануды 30%-ға азайту қажет. 

Алайда қазіргі статистика көңіл көншітпейді. Елімізде үдеп бара жатқан созылмалы аурулар саны жетіп артылады. Мәселен, жыл сайын елімізде жүрек-қан тамырлары аурулары салдарынан 40 мың адам көз жұмады.

"Жүрек-қан тамыр аурулары салдарынан адамдар мүгедек болып жатады. Елімізде жыл сайын 40 мыңнан астам адам осы індеттен қайтыс болады", - деді сенатор.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта инфаркт пен инсульт салдарынан мезгілсіз өлімге алып келетін гипертензиямен есепте тұрғандар саны артқан. Елімізде 1,5 млн-ға жуық науқас диспансерлік бақылауда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу