ТЖМ қазақстандықтарды көшкін қаупіне байланысты тауға бармауға шақырды

172

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті. 

ТЖМ қазақстандықтарды көшкін қаупіне байланысты тауға бармауға шақырды Фото: ТЖМ

Қазақстанның ТЖМ "Қазселденқорғау" мамандары төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында еліміздің таулы аймақтарындағы қар көшкіні қаупі бар учаскелерді тұрақты түрде бақылап, тексеріп отырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Қар көшкіні қаупі кезеңінің басынан бастап (2025 жылдың қараша айынан) республика бойынша 331 жергілікті зерттеу жүргізілді, қар көшкіні түсуі мүмкін жерлерге 110 ескерту белгісі орнатылды, – делінген хабарламада.

Халықты ақпараттандыру мақсатында 1 275 ескерту хабарламасы, сондай-ақ 6 103 ақпараттық брошюра таратылды. 2025–2026 жылдарғы қар көшкіні қауіпті кезеңі басталғалы бері Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл облыстарында 61 рет қар көшкінінің өздігінен түсуі тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу