УЕФА 40 мың еуро беретін болды

1625

Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Еуропа Лигасының жеребе тарту рәсімі өтті.

УЕФА 40 мың еуро беретін болды

Жеребе тарту рәсімінің нәтижесі бойынша алматылық "Қайрат" армениялық "Ноа" командасын қабылдаса, ал шымкенттік "Ордабасыға" румыниялық "Ботошани" қарсылас атанды. Турнирдің бұл бірінші кезеңінде жеңімпаздар бір ойын нәтижесімен анықталады. Сонымен қатар кездесулер жанкүйерлерсіз өтеді.

Барлық ойындар 27 тамызда өтеді. Егер ойынның негізгі уақытында жеңімпаз анықталмаса, қосымша таймдар және пенальти сериясын өткізу қарастырылған. Ал, қызылордалық "Қайсар" болса, Еуропа лигасының екінші кезеңінен бастап сынға түседі. Жеребе тарту рәсімі 31-тамыз өтеді.

Еуропа лигасының бірінші кезеңінің аясындағы "Ордабасы" - "Ботошани" матчы Қазақстанда, өз алаңдарында өткізуі тиіс болатын. Алайда енді бұл кездесулер бейтарап алаңда өтуі мүмкін, деп хабарлады Румыниялық клубтың бас бапкері Мариус Кройтору Digisport.ro сайтына берген сұхбатында.

Бас бапкер атап өткендей, коронавирустың жағдайына байланысты Румыния Қазақстанның қызыл тізіміне енгізілген, яғни клуб Шымкент қаласына келе алмайды.

"Бір ғана кедергі - бұл сапар. Бізге, Румынияға Қазақстанға кіруге тыйым салынды, біз қызыл тізімге ендік", - дейді Кроитору. Мұндай жағдайда УЕФА хаттамасын енгізу керек. Егер УЕФА келіссе, олар бізге келуі мүмкін. Егер рұқсатын бермесе, Греция, Венгрия немесе Түркияда ойнау мүмкіндігін қарастырып көреді.

"Ордабасы" жақсы команда, олар "Астана" мен "Алматыдан" кейінгі үшінші орынды иеленді. Олар 3-4-3 схемасымен ойнайды. Командада кезінде "Динамо Бухарестте" ойнаған Май Махлангу бар. Егер біз арнайы ұшақпен баратын болсақ, онда біз жолда жеті-сегіз сағат өткіземіз.

Мен Қазақстанда "Атырау" клубында ойнадым. Бұл елді және оның футболын жақсы білемін. Барлығы бір матчта анықталады. Егер екі ойын болса, бұл жолдың кесірінен қиын болар еді, бірақ бұл жағдай да жанкүйерлердің мәселесі сияқты енді ескерілмейді", - деді Кройтору.

"Ордабасы" - "Ботошани" арасындағы матч 27 тамызда көрерменсіз өтеді. Қазақстандық клуб алаң қожайыны болып саналады. Қажет болса қосымша уақыт тағайындалады және пенальти сериясын да көруіміз мүмкін. Еуропа Лигасының квалификациясындағы ойындар коронавирусқа байланысты бейтарап алаңда өтуі де мүмкін.

Сонымен қатар УЕФА Қазақстандық клубтардың чартерлік рейстерін өз мойнына алатыны белгілі болды. УЕФА еурододалардың бірінші кезеңінде өнер көрсететін барлық командалар чартерлік рейспен ұшу керек деп міндеттеді, - деп хабарлайды "Спорт Экспресс". 

Бірінші кезеңге қатысатын барлық командалардың чартерлік рейстерін УЕФА өз мойнына алды. Ол үшін әр командаға шамамен 40 000 еуро бөлінген. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу