УЕФА "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчында қызмет ететін төрешілердің есімдерін жариялады

332

Тарихи матчта италиялық мамандар төрелік етеді.  

УЕФА "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчында қызмет ететін төрешілердің есімдерін жариялады

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы "Қайрат" (Алматы) пен "Реал" (Мадрид) матчының төрешілер құрамын бекітті. Кездесуде италиялық арбитрлер тобы төрелік етеді. Бас төреші болып Марко Гуида тағайындалды. Оған қапталдағы көмекшілер Джорджио Перетти мен Джузеппе Перротти көмектеседі. Қосалқы төреші қызметін Симоне Соцца атқарады. VAR жүйесіне Марко Ди Белло мен Алеандро Ди Паоло жауап береді.

"Қайрат" үшін бұл турнирдің негізгі кезеңіндегі алғашқы үйдегі ойын болмақ. Бұған дейін команда Лиссабонда "Спортингке" 1:4 есебімен жол берген. Ал "Реал" топтық кезеңде "Марсельді" 2:1 есебімен ұтқан еді. Ойын 30 қыркүйек күні Алматыдағы "Орталық" стадионда өтіп, Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.

Айта кетейік, бүгін 29 қыркүйек Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де "Қайрат", ал 17:15-те "Реал" командасының баспасөз мәслихаты Қазспорт арнасында тікелей эфирде өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу