Бүгінде ұйымның стадиондар жөніндегі инспекторы Қазақстанға келіп үлгерген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол Семей және Қызылорда қалаларындағы ареналардың УЕФА санаттына сәйкестігін бағалап көреді.
– Инспектор 19 сәуірде "Спартак" стадионына барып, нысанның еурокубок ойындарын өткізуге дайындығын тексерді. Сапар қорытындысымен стадион жалпы талаптарға сәйкес келетіні анықталды. Дегенмен халықаралық матчтарды өткізуге рұқсат алу үшін 31 мамырға дейін бірқатар ұсақ ескертуді жою қажет, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында "Қайсар Арена" стадионын тексеру жоспарланып отыр. Онда арена УЕФА талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бағаланады.