UEFA Қазақстанға айыппұл салды

418

UEFA талаптарының қатаң сақталуы – ел футболының беделі мен имиджі үшін маңызды. 

UEFA Қазақстанға айыппұл салды Фото: dynamo.kiev.ua

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) Қазақстан футбол федерациясына (ҚФФ) қыркүйек айындағы ойындардың нәтижесі бойынша айыппұл салды. 

Мұндай шешім Қазақстан жастар құрамасы (U-21) мен Англия командасы арасындағы Еуропа чемпионаты – 2027 іріктеу кезеңіндегі матчқа қатысты шығарылған.

Айта кетейік, бұл кездесу 8 қыркүйекте Ақтөбе қаласында өткен болатын.

UEFA-ның тәртіптік комитеті ҚФФ-ны екі тармақ бойынша кінәлі деп таныды. Біріншісі – жанкүйерлердің алаңға шығуы (1 250 еуро айыппұл), екіншісі – матчтың уақытында басталмауы (7 500 еуро айыппұл). Нәтижесінде, жалпы айыппұл көлемі 8 750 еуро немесе шамамен 5,5 миллион теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбеде өткен ойын 2:0 есебімен Англия құрамасының жеңісімен аяқталды. Қонақтар сапында Итан Нванери мен Джоб Беллингем көзге түсті. Джоб Мадридтің әйгілі "Реал" клубында және Англия ұлттық құрамасында ойнайтын Джуд Беллингемнің туған інісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу