Алдымен Чемпиондар Лигасына келсек, әр топтан бірінші орын алған командалар сары себетке түсті, олар: Арсенал (Англия), Наполи (Италия), Барселона (Испания), Атлетико М (Испания), Монако (Франция), Лестер Сити (Англия), Боруссия Д (Германия), Ювентус (Италия).
Екінші орынмен шыққандар: ПСЖ (Франция), Бенфика (Португалия), Манчестер Сити (Англия), Бавария (Германия), Байер (Германия), Порту (Португалия), Севилья (Испания), Реал М (Испания).
Бірінші кезекте бір елдің командалары мен бір топтан шыққан клубтар өзара ойнамайды. Бұл кей командаларға келесі кезеңге өтуге жақсы мүмкіндік береді. 1/8 финалдан кейін ғана бұл командалар бір-бірімен қайта кездесіп қалуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, әр топтан 1-орынмен шыққандар екінші айналымдағы қарымта матчтарын өз алаңында өткізуге мүмкіндік алады.
Жеребе тастау рәсімінде сөз алған аты аңызға айналған Руд Гуллит Дортмундтық Боруссия клубының ойынына тәнті екенін және өз басы корольдік клуб Реалды басты фаворит санайтынын айтты. Ол бірінші жұпты анықтауға көмектесті. Манчестер Ситиге франциялық Монако тап болды, мадридтік Реал италиялық Наполимен ойнайды, ал дортмундтық Боруссия Португалияның Бенфикасымен кездеседі.
Ал ең мықты жұп болып 4-ші жұп – Бавария мен Арсенал, Порту мен Ювентус танылды.
Немістердің Байер клубын екі мықты клуб күтіп тұрды. Барселона мен Атлетико. Жеребе нәтижесінде Байерге Мадридтің Атлетикосы жұп болды.
Месси бастаған Барса 1/8 финалда францияның ПСЖ командасымен бәсекеге түсетін болды. Және соңғы жұп Севилья мен Лестер. Ағылшындық клубқа ¼ финалға шығуға жақсы мүмкіндік туып тұр.
Сарапшылардың болжамы бойынша турнирдің фавориттері – Барселона, Бавария, Манчестер Сити, Атлетико Мадрид, Реал Мадрид.
Чемпиондар Лигасының 1/8 финалдық матчтары 2017 жылы 15-16, 21-22 ақпанда, қарымта ойындар 7-8 және 14-15 наурыз аралығында өтеді.
"Манчестер Сити" – "Монако"
"Реал" – "Наполи"
"Бенфика" – "Боруссия" Д
"Бавария" – "Арсенал"
"Порту" – "Ювентус"
"Байер" – "Атлетико"
"ПСЖ" – "Барселона"
"Севилья" – "Лестер"
Ал Еуропа Лигасының 1/16 финалының жеребесі бойынша мына командалар өзара мықтыны анықтайды.
"Атлетик" Б – "АПОЭЛ"
"Легия" – "Аякс"
"Андерлехт" – "Зенит"
"Астра" – "Генк"
"Манчестер Юнайтед" – "Сент Этьен"
"Вильярреал" – "Рома"
"Лудогорец" – "Копенгаген"
"Сельта" – "Шахтер"
"Олимпиакос" – "Османлыспор"
"Ростов" – "Спарта"
"Гент" – "Тоттенхэм"
"Краснодар" – "Фенербахче"
"Боруссия" М – "Фиорентина"
"Алкмар" – "Лион"
"Хапоэль" БШ – "Бешикташ"
"ПАОК" – "Шальке-04"
Егер біздің Астана өз тобында 1-2-орынмен плей-оффқа шыққанда не Испанияның "Атлетик" клубымен не Түркияның Османлыспор командасымен ойнауы мүмкін еді.
Еуропа лигасының 1/16 финалдық ойындары 2017 жылдың 16 ақпанында өтсе, қарымта матчтар 23 ақпанға белгіленіп отыр.