UFC тарихындағы бірінші қазақстандық ару қарсыласын нокаутпен жеңді

1735

Қазақстандық Мария Агапова UFC ұйымында бірінші жекпе-жегін өткізіп, бірінші раундта жеңіске жетті.

UFC тарихындағы бірінші қазақстандық ару қарсыласын нокаутпен жеңді

Павлодарлық бұрымды спортшы негізі UFC ұйымына жолдаманы өткен жылы алу керек еді. Алайда, ол Лас-Вегас қаласында өткен Dana White's Tuesday Night Contender Series турнирінің финалында Америка спортшысы Трэйси Кортестен жеңіліп қалды.

Дегенмен де турнир кезінде ол АҚШ-тағы промоутерлердің назарына ілігіп, отандасымызға Invicta Fighting Championships турниріне қатысу мүмкіндігі берілді. Бұл турнир арқылы да UFC-ге жолдама алуға болады. Сөйтіп, Invicta ұйымында Агапова екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Осылайша ол UFC-ге өтті. 

Агапованың бірінші кездесуі Лас-Вагас қаласында өткен UFC Fight Night 172 турнирінде болды. Отандасымыздың қарсыласы Ханна Сайфер еді. Америкалық ару ережесіз жекпе-жекте алты кездесуде жеңіске жетсе, төрт кездесуде жеңілген. Әу баста бұл екі спортшының кездесуі турнирдің басты тізіміне қосылмай тұрған. Бірақ айқасқа бір күн қалғанда негізгі кардқа қосылды.

Жекпе-жек біздің отандасымыз үшін сәтті өтті. Мария қарсыласын бірінші раундта-ақ "қылқындыру" әдісімен жеңді. Бұл 23-жастаға бұрымдымыздың карьерасында тоғызыншы, ал UFC ұйымындағы бірінші жеңісі еді.

Кездесуден кейін Агапова еліміздегі спорттың дамуына үлкен еңбек сіңірген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол осы кездесуге дайындалуға көмектескен командаластарына және қарсыласына да алғыс айтты.

"Менің арманым орындалды. Бұл күнге жету үшін қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Көп жұмыс істедім. Шэн Добсон, менен қаша берме. Жекпе-жек ұйымдастырайық. Мен сені күтемін", - деді Агапова жекпе-жектен кейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу