UFC жартылай орта салмақтағы рейтингті жаңартты

302

Шавкат Рахмонов 3-орында тұр.

UFC жартылай орта салмақтағы рейтингті жаңартты Фото: Жеке парақшасынан

Абсалютті файтинг чемпионаты (UFC) барлық салмақ дәрежелеріндегі рейтингтерін жаңартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өнер көрсететін жартылай орта салмақта елеулі өзгерістер орын алды.

Жақында ғана америкалық спортшы Белал Мухаммадты жеңіп, титулды тартып алған Джек Делла Маддалена жартылай орта салмақтың чемпионы атанды. Қазір титул дәл осы австралиялық жауынгерде. Ал АҚШ спортшысы Белал Мухаммад белбеуге үміткерлер тізімінде 1-орында тұр. Екінші сатыда бұрынғы чемпион Леон Эдвардсты жеңген тағы бір америкалық – Шон Брэди.

Соңғы демалыс күндері бразилиялық Гилберт Бернсті жеңген эквадорлық Майкл Моралес төрт сатыға көтеріліп, енді 8-орында тұр. Ал Бернс 10-орынға жайғасты. 

Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов әзірге 3-орнын сақтап қалды. Осылайша, отандасымыз титулға басты үміткерлердің бірі болып қала бермек. Жақында ғана ота жасатқан Шавкат Рахмонов UFC-де қашан жекпе-жек өткізетінін белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу