Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

1510

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Б. Рысбеков аудан тұрғындарымен онлайн түрде кездесу өткізді.  

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі 7 басымдығына жеке-жеке тоқталып өтті. Алдағы 5 жылда ауданда сайлауалды бағдарлама аясында аудан орталығында 250 келушіге арналған емхана құрылысы сонымен қатар 7 денсаулық сақтау нысандары күрделі жөндеу жұмыстары, 5 мектеп құрылысын қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты. Сонымен қатар, жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында 334 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, оның 165-і - жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылатынын айта келе, "Nur Otan" партиясы тұрақты жұмыс орындарының санын көбейтуге тырысатындығын жеткізді.

Партия халықтың өмір сапасын жан-жақты жақсартуды, халықтың таза ауыз су, ауа және сапалы жолдармен қамтылғандығын қолдайды. Осы мақсатта атқарылар жұмыстарда аз емес.

"Nur Otan" партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс істеуді жалғастырады.

Сіздерді аудандық алдағы сайлауда "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырамыз.

Біз алдымызға Сіздердің сенімдеріңізді ақтау міндетін қоямыз.

 

"Nur Otan" партиясы Алматы облысы Кербұлақ аудандық  филиалының сайлау қорынан төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу