Үгіт-насихат жұмыстарының соңғы қадамдары жасалды

970

"Nur Otan" партиясының сенімді өкілдері  Ақсу қаласының мәдениет және өнер саласы ардагерлерімен   "Канвассинг" форматында кездесу өткізді.  

Үгіт-насихат жұмыстарының соңғы қадамдары жасалды

Әңгіме барысында ардагерлер азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты туралы көкейкесті сауалдарымен бөлісті. "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен танысты. Мәдениет саласының ардагерлері бағдарламада көрсетілген тарих пен мәдениетті дамыту жайлы сұрады.

Ақсу өңірінде 40-тан астам ұлт өкілдері тұрады  және 11 этномәдени бірлестіктері жұмыс істейді.  "Nur Otan" партиясы біздің қоғамның бірегейлігін білдіретін мәдени және діни құндылықтарды сақтау және дәріптеу үшін ықпал жасайды. Ол үшін  "Nur Otan" партиясы 2025 жылға дейін Пограничник ауылында 100 орынға арналған мәдени-бос уақыт орталығын салуға, халық шығармашылығы мен өнерін дамыту аясында этномәдени  бірлестіктердің қатысуымен Қазақстан халқының жыл сайынғы мәдениет фестивалін өткізуге, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту және қолдау бойынша "қолөнершілер мектебін" дамытуға ықпал жасайды.

 Өңіріміздегі мәдениет саласында еңбегі сіңген ардагерлер қауымы өздерінің адал қызметі мен табандылығының арқасында халықтың алғысын алғандар.  Ел ертеңіне алаңдайтын және аймағымыздың әлеуметтік өміріне етене араласатын ардагерлер  алдағы болатын сайлауға міндетті түрде келіп өз таңдауын жасайтынын айтты.  

Ақсу қалалық сайлауалды штабы.

 Ақсу қаласы "Nur Otan" партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу