ҰХЛ шабуылшысы "Барысқа" ауысты

1797

24-маусым күні елордалық хоккей клубы өзінің ресми сайтында былтыр Ұлттық Хоккей лигасында дебют жасаған Швеция ұлттық құрамасының шабуылшысы Якоб Лильямен келісім-шартқа қол қойғаны туралы хабарлады.

ҰХЛ шабуылшысы "Барысқа" ауысты

Бойы 184 сантиметр, салмағы 88 келі болатын Якоб Лилья 1993 жылы 23 шілдеде Швецияның Лимхамн қаласында дүниеге келген. Спорттық мансабын 2016 жылы "Линчёпинг" хоккей клубында бастаған. Оның командасы 2001 жылдан бері Швецияның элиталы сериясында өнер көрсеткен. Алайда аталған клуб 2016, 2018 жылдары Ұлттық біріншіліктің плей-офф кезеңінің алғашқы айналымда жарыстан шығып қалды. Дегенмен сол уақытта шабуылшы Стокгольмнің "Юргорден" клубының скауттарының көзіне түседі. Якоб Лилья стокгольмдік клуб сапында жүргенде де чемпиондықты жеңе алмады.

Якоб 2018-2019 жылғы маусымда Швецияның тұрақты чемпионатында 52 матч өткізіп, 37 (12 гол + 25нәтижелі пас шығарған) ұпай жинаған. Нәтижесінде, ол үздік бомбардир атанды. Содан кейін Лилья қазіргі таңдағы Әлемдегі ең мықты хоккей клубтарының бірі  "Коламбус Блю Джекетске" шақырту алды. Өткен маусымда коронавирус пандемиясына байланысты швециялық форвард тек 37 кездесу өткізіп, 5 (2+3) ұпай жинаған.

Естеріңізге сала кетксек, 70 кездесу өткізген "Коламбус" хоккей клубы 81 ұпай жинап, Ұлттық Хоккей лигасында 13-орында тұрса, ал Шығыс конференциясының кестесінде 9-орында тұр.

2019-жылы Швецияның Ұлттық құрамасының сапына алынған Лилья Америка хоккей лигасында "Кливленд Монстерз" командасында өнер көрсетіп үлгерген. Енді шабуылшы "Барысқа" ауысты. Елордалық клуб пен швециялық форвард арасындағы келісім-шарт 2021 жылдың 30-сәуіріне дейін жасалды.

"Барыстың" ресми Instagram парақшасында "Отбасымызға" қош келдің, Якоб!", - деген жазба жарияланды. Сонымен, швециялық форвард биылғы маусымаралық уақытта "Барыспен" келісім-шарт жасаған үшінші жаңа ойыншы. Бұған дейін елордалық клубпен канадалық форвард Мэттью Фрэттин және финляндиялық голкипер Йони Ортио келісім-шарт жасаған болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу