Александр Бублик спорттық мансабында алғаш рет Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 170-орында тұрған германиялық Максимилиан Мартерермен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда брейк жасаған Бублик сол басымдылығынан айырылған жоқ - 6:4. Екіншісінде қарқынын тіпті үдетті - 6:1. Үшінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:4). Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Александр 10 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.
Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублев немесе рейтингте 123-сатыдағы бельгиялық Давид Гоффеннің біреуімен кездеседі.