Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундпен бетпе-бет келді. Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, соның төртеуінде Рыбакина жеңген еді.
Бұл жолы бірінші партияда Елена 3:1 есебімен алға шыққанымен, Зигемунд таразы басын теңестірді. Дегенмен қазақстандық спортшы қатарынан үш геймді алды — 6:3.
Екінші сетті германиялық спортшы брейкпен бастағанымен, Рыбакина есепті теңестірді — 2:2. Алайда сет Зигемундтің еншісінде кетті — 6:3.
Үшінші, шешуші сетте Рыбакина ақыры дегеніне жетті — 6:3 әлем рейтингіде кезінде көш бастаған, қазір 91-орындағы даниялық Каролина Возницкимен жолығады.