Уимблдон. Кукушкин іріктеуді жеңіспен бастады

1446

Уимблдон турниріне іріктеудің бірінші кезеңінде ATP рейтингінің 160-шы сатысында тұрған қазақстандық Михаил Кукушкин әлемнің 273-ші ракеткасы италиялық Лоренцо Джустиноны 6:2, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңді. 

Уимблдон. Кукушкин іріктеуді жеңіспен бастады

Матчтың 52 минутында Михаил алты брейк пен бір қос қателік жасады. Қазақстандық жеке кездесулердегі есепте де көш бастап тұр – 2:0. "Үлкен дулыға" сериясының үшінші турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шығу үшін Кукушкин неміс Филипп Кольшрайбермен (әлемнің 230-шы ракеткасы) ойнайды.

Қазақстандық теннисшілер бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіде өз көрсеткіштерін жақсартты. Ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемнің үздік қырық теннисшісінің қатарында, 39-орында тұр. Михаил Кукушкин 160-ыншы, Тимофей Скатов 225-інші, Денис Евсеев 347-сатыға көтерілді. Ал Дмитрий Попко 198, Бейбіт Жукаев 489-ға сырғыды. Жұптық сында Андрей Голубев 39-ыншы, Александр Недовесов 60-ыншы, Григорий Ломакин 231-орында келеді.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина 21-інші, Юлия Путинцева 33-орнын сақтап қалса, Зарина Дияс 200 теннисшінің соңында тұр. Жұптық сында Анна Данилина 22-інші, Жібек Құламбаева 273-сатыға жайғасса, Гөзәл Айнитдинова 427-ден 434-ке төмендеді.

Қазақстандық теннисшілер бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіде бірнеше саты жоғары көтерілді. Елер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемнің үздік қырық теннисшісінің қатарына еніп, 39-орынға тұрақтады. Михаил Кукушкин 160-ыншы, Тимофей Скатов 225-інші, Денис Евсеев 347-сатыға көтерілді. Ал Дмитрий Попко 198, Бейбіт Жукаев 489-ға сырғыды. Жұптық сында Андрей Голубев 39-ыншы, Александр Недовесов 60-ыншы, Григорий Ломакин 231-орында келеді. Әйелдер арасында Елена Рыбакина 21-інші, Юлия Путинцева 33-орнын сақтап қалса, Зарина Дияс 200 теннисшінің соңында тұр. Жұптық сында Анна Данилина 22-інші, Жібек Құламбаева 273-сатыға жайғасса, Гөзал Айнитдинова 427-ден 434-ке төмендеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу