Уимблдон тарихында тұңғыш рет қазақ баласы өнер көрсетеді

256

Теннис әлеміндегі ең беделді турнирлердің бірі саналатын Уимблдонда Қазақстан тағы бір тарихи белесті бағындырды. 

Уимблдон тарихында тұңғыш рет қазақ баласы өнер көрсетеді

Ақтаулық спортшы Бейбіт Жұқаев алғаш рет Үлкен дулыға жарысының негізгі кезеңіне жолдама алды. 

Жұқаев Лондонда өткен іріктеу финалында әлемнің 239-ракеткасы сербиялық Лука Павловичті тізе бүктірді — 3:6, 6:3, 6:2, 7:6. Осылайша, 251-орында тұрған отандасымыз тарихи жеңіске қол жеткізді.

Енді жұма күні таңертең өтетін жеребеде Бейбіттің алғашқы қарсыласы анықталады. 

Айта кетейік, Уимблдонның негізгі кезеңіне Қазақстан атынан тағы бірнеше мықты теннисші қатысады. Олар: Александр Бублик, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Александр Шевченко және Анна Данилина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу