Уимблдонда қазақстандық жасөспірім қыздар ширек финалға шықты

573

Супер тай-брейкте Асылжан мен Соня жеңісті жұлып алды – 10:6. 

Уимблдонда қазақстандық жасөспірім қыздар ширек финалға шықты Фото: ҚТФ

Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жұптық сында жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық жұп екінші айналымда словакиялық Рената Ямрихова – жапониялық Эни Койкемен сынға түсті.

Бірінші партияда Арыстанбекова – Жиенбаева 6:2 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде Ямрихова – Койке қарымта қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Асылжан мен Соня жеңісті жұлып алды – 10:6. 

Асылжан Арыстанбекова – Соня Жиенбаева жартылай финалға шығу үшін чехиялық Джули Пастикова – германиялық Юлия Штузекпен таласады. 

Жекелей сында Жиенбаева үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 1-ракеткасы, сол Ямриховаға жол берді – 5:7, 4:6.

Сондай-ақ Амир Омарханов жекелей сында жасөспірімдер арасында биылғы Ролан Гарростың чемпионы, рейтингіде көш басында тұрған америкалық Кайлан Бигуннан ұтылып, ширек финалдан тыс қалды – 7:6 (7:4), 0:6, 4:6.

Амир ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге жұптық сында жарыстың 3-ракеткалары, америкалықтар Бигун – Джаггер Личтен аса алмады – 6:7 (5:7), 3:6.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу