Уимблдонның жеңімпазы анықталды

738

Финалдық матч Алькарас пен Джокович арасында өтті.

 Уимблдонның жеңімпазы анықталды

Шешуші кездесуде әлемнің бірінші ракеткасы, 20 жастағы испаниялық Карлос Алькарас өткен жылы турнир жеңімпазы атанған 36 жастағы серб Новак Джоковичпен ойнады.

Бес сеттің қорытындысы бойынша Алькарас жеңіске жетті - 1:6, 7:6, 6:1, 3:6, 6:4. Матч төрт сағат 43 минутқа созылды. Есеп 3:1 болып, әлемнің бірінші ракеткасының пайдасына шешілгенде Новак Джокович (АТР рейтингінде 2-орын) эмоцияға беріліп, торға ракеткасын сындырды. Бір қызығы, Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик ракеткаларын дәл осылай сындырады. Аты аңызға айналған теннисшінің эмоционалды күйзеліске түскендей көрінеді.

Испаниялық теннисші өткен жылы АҚШ-тың ашық чемпионатында, кейін "Үлкен дулыға" турниріндегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жеңісімен Алькарас Джоковичке мансабындағы 8-титулды жеңіп алуға кедергі келтірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу