Үйде отырып бизнесті қалай басқаруға болады?

Үйде отырып бизнесті қалай басқаруға болады?

10:00 28 Қазан 2021 5543

Үйде отырып бизнесті қалай басқаруға болады?
Осы жылдың ақпан айында Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин ел тұрғындарын интернетпен қамту 99% құрағанын атап өтті.  

Жаһандық сандық желінің ену деңгейінің жоғары болуына байланысты қазақстандықтар бүгінде үйлерінен шықпай-ақ көптеген қызметтерді, соның ішінде банк қызметтерін де ала алады. Және бұл жеке тұлғаларға ғана емес, бизнеске де қатысты.

Мысалы, ВТБ (Қазақстан) банкі шағын және орта бизнеске VTB Business интернет-банкінде сандық қызметтердің ауқымды спектрін ұсынады: шоттар ашу және жүргізу, төлемдерді, әртүрлі валюталардағы аударымдар мен айырбастауды жүзеге асыру, валюталық бақылау, кредиттік транштарды алу және басқа да көптеген қызметтер.

– Пандемия кезінде онлайн қызметтердің маңызы арта түсті. Карантиндік шектеулер банкті пайдаланудың қарапайымдылығы, уақыт пен қаражатты үнемдеу артықшылықтары бар қашықтан қызмет көрсетуді жедел дамытуға түрткі болды. Кәсіпкерлер – банк клиенттері мұны тез бағалады және бүгінгі күні операциялардың 95%-дан астамын  банк бөлімшесіне келмей-ақ қашықтықтан қызмет көрсету арналары арқылы жүзеге асырып отыр, – деді ВТБ (Қазақстан) банкінің Басқарма мүшесі Арчил Усанеташвили.

Орта бизнес өкілдері компанияның қаржылық ағындарын VTB Business интернет-банкі арқылы басқарады – бұл компьютерде немесе ноутбукте орнатылған бағдарламалық жасақтама. Ал шағын бизнес кез келген жерде және кез келген уақытта смартфондардан банктік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін VTB Business мобильді қосымшасын пайдаланады.

Сонымен қатар "ВТБ-мен бірге жылдам бол!" науқанының арқасында 2021 жылдың соңына дейін микро және шағын бизнес өкілдері банктің мобильді қосымшасын тегін қоса алады! Бұл ретте, пайдаланудың бірінші айы үшін абоненттік төлем бар болғаны 1 теңгені құрайды.

Кәсіпкерлерге арналған банктің онлайн қызметтері және VTB Business-ке қосылу шарттары туралы толық ақпарат банктің сайтында оқуға болады.


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз! 

eki-boksshy-alem-chempionatyn-zhenispen-bastady

bzhzk-shetelge-koshkenderge-9-ajda-29-1-mlrd-tenge-zejnetaky-tolegen

kazakstan-ser-suma-chakrabartidin-ajtkanyn-oryndaj-bastady

rublge-katysty-tengenin-tosyn-devalvaciyasy-eldi-tangaldyrdy

zhalakyga-dejin-karyz-alu-shagyn-nesieler-nemese-mikrokreditter-erekshiligi-nede

загрузка

×