Үкімет "Астана ЛРТ"-ға мемлекеттік кепілдік берді

5943

Кепілдік сомасы – 1,6 млрд доллар.

Үкімет "Астана ЛРТ"-ға мемлекеттік кепілдік берді Фото: sputniknews.kz

Үкімет 2019 жылы мемлекеттік кепілдік берілетін инвестициялық жобалардың тізбесін бекітті. Тізбеге әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі аралықты қамтитын "Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT" жобасы да енгізілген.

Үкіметтің арнайы Қаулысына сәйкес, мемлекет 1,6 млрд долларға кепілдік беріп отыр.

Қаулыда көрсетілгендей, жобаның жалпы құны – 698 млрд теңге. Оны 2016-2020 жылдар аралығында жүзеге асыру көзделген.

Қарыз алушы ретінде "Астана LRT" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, ал әлеуетті қарыз беруші ретінде "Бағалы қағаздардың ішкі нарығындағы инвесторлар" деп көрсетілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының сол кездегі әкімі Бақыт Сұлтанов "Астана LRT" жобасының құрылысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеген еді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу