Үкімет басшысы бірден көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейтуді тапсырды

120

Азаматтар үшін цифрлық қызметтер санын көбейтіп қана қою жеткіліксіз. 

Үкімет басшысы бірден көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін кеңейтуді тапсырды Фото: ЖИ

Биыл Жасанды интеллект министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтарға жедел көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл ретте азамат өзіне қажетті нәтижені күрделі іздеу жүргізбей, өтінім толтырмай және өтініш беруші тарапынан қосымша әрекеттерді талап етпей алуы тиіс.

"Бүгінде азаматтар үшін цифрлық қызметтер санын көбейтіп қана қою жеткіліксіз. Олар қажетті нәтижені жылдам әрі еш кедергісіз алғысы келеді. Жасанды интеллект министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биыл бірден көрсетілетін форматқа көшіруге болатын қызметтердің тізбесін айқындауды тапсырамын. Бұл ретте көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындау немесе соттылығының бар-жоғы туралы анықтама беру сияқты қызметтерді үлгі етіп алуға болады", – деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу