Үкімет басшысы цифрлық инвестициялық платформаны іске қосуды тапсырды

890

Бүгінде бұл мәселе сөзбұйдаға салынып келді.

Үкімет басшысы цифрлық инвестициялық платформаны іске қосуды тапсырды Фото: canva.com

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны тез арада іске қосуды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Инвесторларға ыңғайлы болуы үшін мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай цифрлық платформасын енгізу қажет. Бұл мәселе тым созылып кетті. Әкімшілік рәсімдерге арналған цифрлық қызметтердің болуы инвесторлар үшін маңызды. Мысалы, қызметтерді "бір терезе" онлайн-механизмі арқылы қолжетімді етуге болады. Біз мұны бұрыннан айтып келеміз. Бірақ нәтиже шамалы", - деді Үкімет басшысы.

Сөзінше, бұл салада мәселелер бар.

"Сыртқы істер министрлігі мен Цифрландыру министрлігі тез арада Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны толыққанды іске қосуды қамтамасыз етсін. Онда преференциялардың барлық түрін шоғырландыру керек. Бұл платформаның мақсаты әкімшілік рәсімдерді жеделдету және инвесторлар үшін кедергілерді азайту болуға тиіс", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу