Алдағы жылдары өңірлерді қолдау жалғасын табады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының келесі басым бағыты – өңірлерді қолдау.
"2025 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты 348 млрд теңгеге ұлғая отырып 7,4 трлн теңге бөлінетін болады. Бюджеттің жалпы шығыстарындағы үлесі шамамен 30%-ды құрайды", - деді Қаржы министрі Үкімет отырысында.
Такиевтің сөзінше, бөлінген қаражаттың нәтижесінде 2025 жылы халықты сумен жабдықтау қалаларда – 99,6%-ға дейін, ауылдық елді мекендерде 98%-ға дейін қамтамасыз ету көзделіп отыр.
"Сонымен қатар жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін 51%-ға дейін төмендету, 51 515 адам мен 3 ауылдық елді мекеннің табиғи газға қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарланған. Халықты газдандыру деңгейі 2025 жылы 62%-ды құрайтын болады, "Ауыл – ел бесігі" жобасы шеңберінде көлік инфрақұрылымының 18 объектісін, 33 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен 91 әлеуметтік объектілерді жаңғырту жоспарланып отыр", - деді Мәди Такиев.