Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

172

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. 

Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті Фото: Үкімет

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжат негізгі конституциялық өзгерістерді түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жаңартылған Негізгі Заңның ережелерінен туындайтын заңнамалық шараларды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыруға бағытталған.

Жоспар үш бағыт бойынша 36 іс-шараны қамтиды: Конституцияны ілгерілету жөніндегі ұйымдастыру шаралары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және оның орындалуын құқықтық қамтамасыз ету.

Атап айтқанда, ұйымдастырушылық іс-шаралар аясында Конституция мәтінін басып шығару және тарату, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген форматта әзірлеу, электронды платформаларда орналастыру, сондай-ақ ағылшын тіліне аудару қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету, ақпараттық-көрнекі безендіру, тақырыптық материалдар шығару, көрме және ағартушылық жобаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарланған.

Халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын қалыптастыру ісіне көңіл бөлінуде. Жоспарға оқыту семинарлары мен білім беру іс-шараларын өткізу, мектеп және ЖОО бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, "Құқық негіздері" және "Заң мен тәртіп" курстарын, әдістемелік материалдар мен балалар басылымдарын әзірлеу кіреді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында бірыңғай іс-шаралар тізбегі қалыптастырылып, кешенді медиа-жоспар бекітіледі. Телерадио хабарларын шығару, мақалалар жариялау, әлеуметтік роликтер мен деректі фильмдер шығару, сондай-ақ Конституция нормаларын түсіндіру бойынша интерактивті сервис құру жоспарланған.

Жоспардың жекелеген бөлімінде Конституцияны жүзеге асыруды құқықтық қамтамасыз ету шаралар, оның ішінде заңнамалық шараларды іске асыру, қолданыстағы заңнаманы талдау, жаңартылған Негізгі Заңның нормаларын ескере отырып, стратегиялар мен тұжырымдамаларды өзектендіру көзделген.

Жалпы Жоспар Конституция нормаларын халық арасында кеңінен түсіндіруді және еліміздің жаңартылған Негізгі Заңының ережелерін толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу