Үкімет пен "Атамекен" жемшөп экспортына тыйым салу мәселесін қарастырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға қолдау көрсету үшін бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкімет пен "Атамекен" жемшөп экспортына тыйым салу мәселесін қарастырады

Атап айтқанда, жем экспортына тыйым салу, субсидияны артыру.

"Өкінішке қарай, біздің елімізден бөлек, басқа аймақтардағы ауа райы да қолайсыз болып тұр. Соның салдарынан көршілес мемлекеттерде жемшөпке деген сұраныс күрт артуы мүмкін. Үкіметке "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палтасымен бірлесіп, жедел түрде жемшөпті сыртқа шығаруға уақытша тыйым салуды қарастыруды тапсырамын. Анағұрлым зардап шеккен фермерлерді қолдау үшін Үкіметті, әкімдіктерді және даму институттарын несиелерді қайта құрылымдау және жемшөпке қосымша субсидиялар бөлу жұмыстары күтіп тұр", – деді Президент. 

Бұған қоса, әкімдіктер мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жедел түрде өңірлерден жемшөп сатып алу үшін субсидиямен қамтамасыз етуі керек.

"Бұл мәселе қайталанады. Сондықтан, жедел шаралардан басқа саланы жемшөппен қамтамасыз етуді арттыру бойынша жүйелі шаралар қажет. Жемшөп жинау жабдығын судсидиялауды жетілдіру, егін мен қоспа жемге арналған өнімдерді сатып алу көлемін ұлғайту қажет. Үкімет пен даму институттары жемшөп өндірісі кезінде қуаңшылықтан сақтандырудың қолжетімділігін жақсарту мен арттыру бойынша шаралар қабылдауы керек", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент мемлекеттік және салалық институттардан болжау қызметі аса қажет екенін атап өтті.

"Біз нарықтық әлемде өмір сүріп жатырмыз, оның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Сондықтан фермерлер жемшөппен қамту мәселесіне асқан жауапкершілікпен қарауы керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі әсіресе мемлекеттік субсидия алу бойынша мониторингті күшейтуі тиіс. Бұл әділетті", - деді Мемлекет басшысы. 

Еске сала кетсек, Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында Ауыл шаруашылығы министрін отставкаға жіберді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу