Үкімет Петропавлда автожол өтпесін салуға 2,9 млрд теңге бөлді

607

Аталған жобаның қала үшін маңызы зор, өйткені 1961 жылы салынған автожол өтпесі апатты жағдайда. 

Үкімет Петропавлда автожол өтпесін салуға 2,9 млрд теңге бөлді Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Петропавл қаласында апатты жол өтпесінің құрылысын аяқтауға 2,9 млрд теңге бөлу туралы Үкімет қаулысы қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Теміржол магистралі қаланы екі бөлікке бөледі, Караванная көшесіндегі автожол өтпесінен күн сайын 16 мыңға жуық автокөлік қатынайды, аудандар мен облыс орталығы арасындағы көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысын қамтамасыз етеді. Оның шағын өлшемі мен көлік ағынының жоғары қарқындылығына байланысты аталған автожол өтпесінде көлік қозғалысын шектемей жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес, бұл қала тұрғындары үшін қолайсыздық тудыруы мүмкін.

Осыған байланысты, Универсальная көшесінің бойында бұрыннан бар жолмен қатарластыра жаңа жол өтпесін салу туралы шешім қабылданды. Жобаның жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайды, оның бір бөлігі жергілікті бюджеттен қаржыландырылған.

Нысанның маңыздылығы туралы айта келе, Олжас Бектенов жол-көлік инфрақұрылымын дамыту Үкімет жұмысының басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу