Үкімет резервінен 9,4 млрд теңге бөлінуі мүмкін

1974

Кезектен тыс Президент сайлауына қарастырылған қаржы көлемі белгілі болды.  

Үкімет резервінен 9,4 млрд теңге бөлінуі мүмкін

Алдағы саяси науқанға үкімет резервінен бөлінетін қаржыға қатысты талқылау қорытындысында Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) 9 347 885 000, сыртқы істер министрлігіне 56 886 000 теңге бөлу ұсынылды. Қаражаттың жұмсалуын қадағалау қаржы министрлігіне жүктелді.

Естеріңізге салайық, бұған дейін ОСК кезектен тыс Президент сайлауына 12 млрд теңге сұраған. Бұған қаржы министрлігі келісім бермей, шығынды қысқарту қажет деген талап қойған.

Осыған қатысты пікір білдіргенде ОСК хатшысы Сабила Мұстафина: "...Министрліктің ұсынысымен кейбір позициялар оңтайландырылды. Сондықтан біздің әу баста сұраған сомамыз азаяды. Біз министрлік ұсынған дәлел-дәйектермен келісеміз", – деген.

Айта кетейік, ОСК таратқан ақпаратқа сәйкес, кезектен тыс президент сайлауына шет елден 1700 бақылаушы келеді. Ел аумағында 10 202 сайлау комиссиясы жұмыс істейді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу