Үкімет үш маңызды автожол жобасының орындалуын бақылауға алды

120

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Үкімет үш маңызды автожол жобасының орындалуын бақылауға алды Фото: inbusiness.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен ағымдағы жылғы 26 маусымда Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ кеңес барысында Мемлекет басшысының "Қызылорда – Сексеуіл", "Ұлғайсын – Сексеуіл" және "Бейнеу – Сексеуіл" жобаларын іске асыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы қаралды.

Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындау жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын тиісті Жол картасы бекітілді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары аталған автожол жобаларын іске асыру Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Жол картасы іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту және белгіленген мерзімдерді сақтау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу