Алтай Айнабек желідегі парақшасында жаңбырды қайта үдететінін мәлімдеді.
Себебі шілдедегі көп жаңбырдың кесірінен егініміз бен шөбіміз шіріп кетеді деп қарапайым адамдар шулап кеткен соң, қондырғыны уақытша баяулатқан.
Бізді мойындамағаны былай тұрсын, жұмысымызға қарсы шығып жатқандар көбейді деп налып отыр.
Алайда Алтай Айнабек артқа шегінбейтін болды. Үкіметтегілерге қысы-жазы жауын жаудырып, қондырғымның қуаттылығын дәлелдетемін деп белді бекем буып отыр. Яғни, жаңбырды муссондық жауынға айналдырмақ.
Ендеше Алтайдың желідегі жазбасын өздеріңізге ұсынып отырмыз.
"Біздің жауындарды әлі мойындағысы жоқ! Жұмыс барысы туралы: Шілдедегі жауындардан шаруалардан көп шағым келді: жауын көптен шөп шіріді, егін ора алмай қалдық, банкрот болатын болдық қой, не жейміз қыста? кім асырайды бізді? дегеннен кейін, шаруаларды аяп, үкіметке бұдан артық не дәлел керек деп, қондырғыларымыздың қуатын баяулатқан едік. Технологиямыздың жұмыс жасау қыр- сырын өзге жаққа жарияламау туралы келісімге қол қойып үкіметпен ғылыми жұмыстар жасасақ па деп едік, келесі көп жауынды Аралдың үстіне ғана жаудыратын этапқа өтсек па деп едік. Ал кейбір топ, мойындамақ түгілі, қарсы жұмыс жасап, барынша мойындамауға тырысып бағуда. Енді бұлар бізге амал қалдырмады, тағы бір дәлелдеу үшін ерекше жауындарымызды үкімет ресми тоқтат, сендік, дегенше қайта жаудыру үшін жұмыстанамыз. Бұйырса жақын күндері керемет жауын қайтадан басталады. Мойындағысы келмеген топ шаруалардың алдында өздері жауап берсін енді", – дейді Алтай Айнабек.