Үкіметтің үй салуға берген ақшасын әкімдіктер игермей жатыр

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
20259

"7-20-25" бағдарламасы бойынша игерілген қаражаттың 68%-ы Астана мен Алматы қалаларына тиесілі. 

Үкіметтің үй салуға берген ақшасын әкімдіктер игермей жатыр

Бұл мемлекеттік ипотекалық бағдарламаның бастапқы жарнасы мен жылдық сыйақы мөлшерлемесінің төмендігі халық үшін қызықты болғанымен, құзіретті органның халық тарапынан түскен өтінімдерді мақұлдау жағы тым аз болып тұр. Оның себебі төлем қабілеті төмен азаматтардың бағдарлама жарнамасына желігіп жаппай өтінім бергені немесе өтінімді қарастырушы тараптың халықтың төлем қабілетіне сенбеуі болуы мүмкін.

Мәселен, келіп түскен өтінімдерді мақұлдау көрсеткіші бойынша ең бірінші орында тұрған өңір – Алматы облысының өзінде тек өтінімдердің 17,4%-ы ғана мақұлданған. Ал Атырау мен Шығыс Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш тиісінше 13 және 11,8%. Алғашқы бестіктегі БҚО мен Алматы қаласында бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендердің тиісінше 11,5 және 10,3 %-ы ғана жеңілдетілген несие алу мүмкіндігіне ие болған.

Қалған 12 өңірде көрсеткіш тіпті төмен. Ақтөбе, Ақмола, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласында берілген өтінімдердің ішінде мақұлданғаны бар болғаны 4,9-6,5 % аралығы.

Өз кезегінде Қызылорда облысындағы көрсеткіш 3,5% болса, Шымкент қаласы, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай мен Павлодар облысындағы көрсеткіш 1,3-3,5% аралығында ғана. Ал Солтүстік Қазақстан облысында тек берілген өтінімнің тек 0,6 %-ы ғана мақұлданып, Түркістан облысында бұл көрсеткіш тіпті нөл пайызды құрап отыр. 

Жалпы, Қазақстан бойынша аталған көрсеткіш 6%, яғни қараша айының басындағы мәлімет бойынша 2,8 мың өтінім мақұлданса, негізінен келіп түскен өтінім 200 мыңның үстінде екені анық.

Айта кетейік, жыл басынан бері 46,7 мың пәтер пайдалануға берілген. Орташа есеппен сатылған 100 пәтердің алтауы аталған ипотекалық бағдарлама бойынша берілген. Мамандардың айтуынша, "Баспана" компаниясы бұл көрсеткішті екі есеге дейін көбейте алатындай әлеуетке ие. 

Өңірлер тұрғын үй құрылысындағы мемлекеттік қолдауды пайдалануға асығар емес. Бағдарлама бойынша мақұлданған өтінімнің 50%-дан көбі халықтың 16%-ы тұратын Астана мен Алматы қалаларында игерілген екен. Ал ақшалай көрсеткіште қаражаттың 68%-ын осы екі қала игеріп жатыр. 

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу